Енді Wi-Fi арқылы шай қайнатуға болады - Өркениет|09 Қазан 2013, 16:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Енді Wi-Fi арқылы шай қайнатуға болады

Астана. 9 қазан. Baq.kz - Wi-Fi желісі арқылы шай қайнатып ішуге болады. The Daily Telegraph газеті хабарлағандай,енді шай қою үшін асханаға барудың қажеті жоқ. iKettle шайнектерін смартфон арқылы кез келген бөлмеден басқаруға болады. 

Тіпті, шайнектегі температураны да қалта телефонымен орната аласыз. Мәселен, көк шай ішкіңіз келсе 90 градус, кофе ішкіңіз келсе, 95 градустық режимді қосу керек.
Сондай-ақ, iKettle смартфоныңызға шайды қай уақытта ішетініңізді сұрап хабарлама жібереді. Егер дәл сол уақытта ішпесеңіз, шайнек бойындағы температураны жоғалтпай сіздің келгеніңізді күтеді.
Әзірге "ақылды" ыдыс сатылымға шығарылған жоқ. Өнертапқыштар оны қараша айының соңында нарыққа шығармақ. Ал, бағасы шамамен 100 фунтты құрайтын болады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер