Енді медициналық техникаларды 5 күнде тіркеуге болады – С. Қайырбекова - Өркениет|19 Маусым 2014, 18:07
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Енді медициналық техникаларды 5 күнде тіркеуге болады – С. Қайырбекова

Астана. 19 маусым. Baq.kz – Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай мәлімдеді, - хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Бүгінгі таңда министрлік қызметтер көрсетуді оңтайландыру және автоматтандыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Соның нәтижесінде 25 мемлекеттік қызметтің 18-і автоматтандырылды. Медициналық техниканы жоспарлау және сатып алудың да жаңа жүйесі енгізілді. Сөйтіп, сатып алу шараларының ашықтығы мен жоспарлау сапасын арттырып жатырмыз. Сонымен қатар, министрлік, денсаулық сақтау ұйымдары, жергілікті арқарушы органдар, «Қазмедтех» АҚ, «СҚ-Фармация» ЖШС арасындағы жоспарлау, әзірлеу, ұйымдастыру және сатып алу ісіндегі сан салалы міндеттемелерді де бөліп, айқындап, нақтылау бағыттарында жұмыстар атқарылуда, - деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі кезде делдалдарсыз бәсекелестік ортаны қалыптастыру мақсатында дәрілік құралдарды өндірушілермен тікелей келісім-шарттар жасау жүйесі енгізіліп жатқан көрінеді.

- Осы мақсатта медициналық техникаларды мемлекеттік тіркеу ісі де жеңілдетілді. Енді бұл шараны бұрынғыдай 120 күнде емес, не-бәрі 5 күннің ішінде жүзеге асыру мүмкіндігі туындап отыр. Бұл өз кезегінде медициналық қондырғылар нарығын ырықтандырып, жеткізушілер арасында бәсекелестік ортаны дамытуда, - деп атап өтті Салидат Зекенқызы.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер