Елордалықтар үшін Интеллектуалдық байланыс орталығы ашылды - Өркениет|14 Қаңтар 2016, 11:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елордалықтар үшін Интеллектуалдық байланыс орталығы ашылды

Астана. 14 қаңтар. BAQ.kz - Астаналық смарт-бастамалар және Астана қаласының Интеллектуалды байланыс-орталығы жұмысының жоспарлары туралы Нұрәлі Әлиев баяндап берді,-деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Астана қаласының Интеллектуалдық байланыс орталығы елорда тұрғындарының өтінімдерін неғұрлым тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Осылайша жетілдірілген байланыс-орталығы бірден 60 қоңырауға дейін қабылдайды.

Елорда әкімі орынбасарының сөзі бойынша «оператордың қатысуынсыз автоматты түрде өзекті ақпарат беру мүмкіндігінің арқасында шамамен 50 мыңға жуық өтінім өңделді, бұл қоңыраулардың жалпы санының 62%».

2015 жылдың желтоқсан айының өзінде байланыс орталығында 6 оператор жұмыс істеген кезде шамамен 80 мыңға жуық өтінім өңделді, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 есе көп. Қазіргі кезде операторлар саны 15-ке дейін көбейтілді, бұл астаналық «109» қызметі жұмысының тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, Нұрәлі Әлиев атап өткендей: «Байланыс орталығы өтінімдерді тек телефон қоңыраулары, «smart.astana.kz» порталы және электронды пошта арқылы ғана өңдеуді көздемейді, енді бұған қосымша Астана тұрғындары өз өтінімдерін #astana109» хэштегін көрсете отырып «Facebook», «Twitter» және «Instagram» әлеуметтік желілері арқылы да бере алады.

«Astana 109» парақшасында да астаналық оқу мекемелерінде сабақтың болу/болмауы туралы хабарламалар лезде жарияланатынын айта кету қажет. Мұндай тәсіл халыққа ұнап та үлгерді. Соңғы мәліметтер бойынша, бар-жоғы екі тәулік ішінде «Facebook» желісінің 5800 астам пайдаланушылары байланыс орталығының ресми парақшасына кірген. Анағұрлым танымал әлеуметтік платформа «Instagram» болып табылады, онда санаулы уақыт аралығында «Astana 109» аккаунтына 4800 астам жазылушы тіркелген.

Бұдан бөлек, жуырда Астана әкімдігі «Астана Innovations» АҚ-мен бірлесе отырып ауа-райы жағдайларына байланысты мектептердегі сабақтың болу/болмауы туралы хабарламаны алудың тағы бір смарт-тәсілін ұсынды.

«Алдағы екі аптада астаналық оқушылардың ата-аналары «Smart Astana» мобильдік қосымшасының бета-нұсқасын бірінші болып пайдаланып көреді. Қосымша сабақтың болмауы туралы push-хабарламаны лезде алу функциясымен ыңғайлы. Бұл тек бастамасы ғана және «Smart Астананың» әлеуметтік-маңызды жобалары елорда тұрғындарының өмірін барынша жеңілдететініне сенімдімін», деп түсіндірді Нұрәлі Әлиев.

Осылайша, алғашқы екі күннің ішінде 18 000 астам елордалық ата-аналар мен мұғалімдерге «Smart Astana» қосымшасы таратылды және орнатылды.

Еске сала кетерлігі, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «051-қызмет» ММ негізіндегі Астана қаласының Интеллектуалдық байланыс орталығы тәжірибелік пайдалануға берілді. Бұл барлық коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер бойынша елорда тұрғындарының өтінімдерін қабылдаудың бірыңғай орталығы.  

Фото: Astana.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер