Елордада мектептерінде техникалық мамандықтарға оқыту жобасы іске қосылды (ФОТО) - Өркениет|12 Қаңтар 2016, 09:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елордада мектептерінде техникалық мамандықтарға оқыту жобасы іске қосылды (ФОТО)

Астана. 12 қаңтар. BAQ.kz - Елордада қаңтар айынан бастап 24 мектепте техникалық мамандықтарға оқыту басталды. Пилоттық жоба аясында 10-11 сынып оқушыларын екі жылдық кәсіптік даярлау жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақтығараева Салтанат, Кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің басшысы:

Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен және Білім басқармасының ұйымдастыруымен қазір қаланың 24 мектебінде бейіндік оқыту бойынша оқушылар арасында сыныптар ашылып жатыр. Қараша-желтоқсан айларында әрбір мектепте оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Жұмыс істегісі келетін 10-11 сыныптарда жұмыс мамандықтары бойынша оқығысы келетін оқушылардың көпшілігі осы мектептерден анықталды. Сондықтан осы 24 мектепте кәсіптік бағдарлау бойынша сабақтар басталды.

Жобаның мақсаты оқушыларды кәсіптік бағдарлауды жүзеге асыру болып табылады. Мектеп түлектері аттестат алған кезде жаңа бағдарлама есебінен белгілі бір мамандық бойынша базалық білім алып шығады. Оқушыларға шаштараз шебері, электронды есептегіш машиналар операторы, референт-хатшы, бармен және даяшы мамандықтары бойынша курстарды аяқтағаны туралы куәлік беріледі. Олар мектепте теориялық, ал колледжде практикалық білім алады.

Қарлыгаш, Астана қаласы №7 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы:

– Маған қызық және ағам да анам сияқты осы тігін саласында. Оның тіккеніне кішкентай кезімнен қатты қызығатынмын. Қазір де қызығамын. Тігін мамандығы өте қолайлы. Мысалы, дүкеннен көрген әдемі киімдер қолжетімсіз болса, мата алып өзің де тігіп аласың. Осындай мүмкіндік беріп отырғандарыңызға үлкен рахмет.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауында 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаған болатын. Осыған байланысты биыл елордада тегін техникалық білім бойынша пилоттық жоба іске қосылды. 

Фото: Astana.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер