Елімізде салықты электронды түрде тапсыру 91 пайызға жетті – Қаржы министрі - Өркениет|20 Маусым 2014, 15:43
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елімізде салықты электронды түрде тапсыру 91 пайызға жетті – Қаржы министрі

Астана. 20 маусым. Baq.kz – Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлатанов осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Біз салықтық және кедендік ақпараттық жүйелерді жаңғыртудың оң әсерін байқап отырмыз. Қазіргі таңда салықтық есептіліктің шамамен 91 пайызын электронды түрде қабылдап келеміз. Барлық салықтық тексерулер өткен жылы аудандардан облыстық орталықтарға берілген болатын. Сонымен қатар, қазіргі кезде айыппұлдардың орнына белсенді түрде алдын ала ескерту енгізілді. Бұл шара тәуекелдерді басқару жүйелерін дамыту мен бірге салықтық тексерулердің 4 мыңға немесе 25 пайызға қысқаруына мүмкіндік береді. Бұл ретте қайтарым 138 млрд теңгеге немесе 46 пайызға арттырылды. Оған қоса, «Бір терезе» қағидаты бойынша енгізіліп отырған қағазсыз кедендік декларацияландыру да елеулі түрде бизнес үшін кедергілер мен тосқауылдарды төмендетуде, - деді министр.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 18:23
Сыртқы істер министрі ауысты
Пікірлер