Елдегі сатып алу қызметі толықтай электронды түрде жүргізіледі - Өркениет|17 Мамыр 2016, 14:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елдегі сатып алу қызметі толықтай электронды түрде жүргізіледі

Астана. 17 мамыр. Baq.kz – Қазақстандағы барлық мемлекеттік сатып алу қызметі толықтай электронды түрде жүргізілетін болса, оның қатысушыларының саны бүгінгі таңда 70 мыңға жуық тауар өндірушілері мен қызмет көрсету саласының өкілдері құрайды. Мұндай деректі бүгін Астанада өткен «Кәсіптік этика мен ашықтық – Мемлекеттік сатып алуды кәсібилендірудің құрамдастары» тақырыбында өткен форум аясында Мемлекеттік сатып алу заңдылығы департаментінің директоры Сәбит Ахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Осымен 12-ші рет ұйымдастырылып жатқан форумға Еуропа мен Азия құрлығындағы көптеген елдердің өкілдері қатысып, олар мемлекеттік сатып алу қызметіндегі мамандардың кәсіби біліктілігін арттырудың жай-жапсарын талқылады. Жиында арнайы баяндама жасаған Мемлекеттік сатып алу заңдылығы департаментінің директоры Сәбит Ахметов Қазақстанның бұл саладағы қызметі 100 пайыздық деңгейде электронды негізде жүзеге асырылатындығын атап өтті.

– Біздің елімізде жалпы мемлекеттік сатып алу қызметінің барлық түрі 100 пайыздық деңгейде электронды негізде орындалады. Мұны әлем бойынша салыстырмалы түрде айтар болсақ, өте жоғары көрсеткіш деуге толық негіз бар. Ал еліміз бойынша сатып алу қызметіне қатысушылар саны 70 мыңға жуықтайды. Олардың арасында тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер де бар, - дейді ол.

Маман пікірінше, заманауи технологиялардың еркін қолданысқа енгізіліп, әсіресе сатып алу қызметінің осылайша жаңғыртылуы - саланың ашықтығын көрсетіп қана қоймай, оның тиімділігін де арттыратын көрінеді.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

Суретті түсірген - Жандос ҚОҚЫМБАЕВ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер