Елбасы «Телегазет» жобасының тұсауын кесті - Өркениет|02 Шілде 2014, 14:04
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елбасы «Телегазет» жобасының тұсауын кесті

Астана. 2 шілде. Baq.kz – Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмысы туралы есебін тыңдау барысында Қызылорда облысының Қазалы ауданында «Телегазет» жобасының тұсауы кесілді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Кең-байтақ еліміздің әр өңіріне Қазақстанда болып жатқан жағдайды, саясатты жеткізуіміз керек. Азаматтарымыз осы жүргізіліп жатқан жұмыстарды жергілікте жерлерде қолдап, ел тұрғындары барлығынан мәлімет алсын, іске асырылған бағдарламаларды көрсін, өз тараптарынан мемлекетке көмек жасасын деп мақсат тұтып отырмыз. Бұл алыс аудандарымыздың да өркениетке қадам басып келе жатқанының бірден бір көрінісі, -деді Елбасы.

Айта кетейік, «Телегазет» жобасы Байланыс және ақпарат агенттігінің бастамасымен қолға алынған. Ол «Отау ТВ» ұлттық телехабар тарату желісі арқылы газеттерді электронды нұсқада миллиондаған адамның оқуына мүмкіндіктер береді.


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

Суретті түсірген - Бауыржан ЖУАСБАЕВ 
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер