«Е-қызмет» кеңінен қолданысқа еніп келеді - Өркениет|05 Қыркүйек 2013, 18:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Е-қызмет» кеңінен қолданысқа еніп келеді

 Астана. қыркүйек. Baq.kz – Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің оныншы отырысы өтті. Оған Сараптамалық кеңес құрамының мүшелері мен осы саладағы мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми-зерттеу және өзге де үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысып ой бөлісті. Бұл жөнінде Baq.kz тішісі хабарлайды.

Сараптамалық кеңестің жұмыс шеңбері аясында Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары Оңғарбай Дәнебеков «Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың «е-қызмет» Біріктірілген ақпараттық жүйесін (БАЖ) құру туралы», ал Павлодар облысы әкімі аппаратының «Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының» директоры Гүлнар Исенова «Мемлекеттік қызметшінің электрондық паспорты – «е-қызмет» жүйесінің ақпараттық бірлігі» тақырыбында баяндама жасады. Олар мемлекеттік қызметкерлердің салалық біліктіліктерін арттыру мен кәсіби міндеттерін жетілдіру мақсатында тың жобаның тұсауын кесіп, таныстырылымын жасады. Атап айтқанда, қағазбастылыққа негізделген құжат айналымын замануи озық үлгіге ілестіре отырып, электронды құжат айналымын еркін қолдануды егжей-тегжейлі түсіндіріп, баяндады.
Нақтылай түссек, мысалы жеке қызметкердің кезекті еңбек демалысына шығу кезеңі, біліктілігін арттыру жайы, қызметтік өкілеті мен өсу сатысы, жеке басына қатысты ақпараттар мәліметтер базасына толық енгізіледі. Мұның ерекшелігі сол, құжат немесе ақпарат алмасудың бұл тәсілі электронды үлгіде жүзеге асатындығы болып отыр.


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер