Е.Бабақұмаров: Ең бастысы бұл – мемлекет пен медиа қауымдастықтың ынтымақтастығы - Өркениет|19 Қыркүйек 2013, 11:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Е.Бабақұмаров: Ең бастысы бұл – мемлекет пен медиа қауымдастықтың ынтымақтастығы

Астана. 19 қыркүйек. Baq.kz – Бізде түрлі мәселелер бар, алайда біздің таңдауымыз - мемлекет пен медиа қауымдастықтың арасындағы ынтымақтастық. Бүгін Алматыда жұмысын бастаған Медиаконгресте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаров осылай мәлім етті.

Оның айтуына қарағанда, Медиаконгресс оның қатысушыларына шетелдік әріптестерінің тәжірибесімен алмасуға айрықша мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ғаламтордағы БАҚ-тар арасында қазақстандық интернеттің дамуы жөніндегі міндеттерді шешу және ортақ бастамалар жасау үшін диалог алаңына айналмақ.

«Меніңше, жаңа масс-медиа мен әлеуметтік желілер қалай дамитынын ұғуымыз керек және осы салада пікір алмасу өте маңызды. Бұл біз жұмыс істейтін әрі көретін соңғы әрі жаңа ахуал-жағдайлар. Бізге билік пен сандық мадиа қауымдастықтың өзара әрекеттестігі қандай тұғырнамада мүмкін екендігін түсіну маңызды», - деп атап өтті Е.Бабақұмаров.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда Kazakhstan OnLike-2013 Медиаконгресі жұмысын бастады, оны ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Журналистер одағы мен «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ-ы ұйымдастыруда. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер