"Е-әкімдік" жобасын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыруға 4 млрд. АҚШ доллары қажет - Өркениет|05 Қазан 2012, 12:11
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

"Е-әкімдік" жобасын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыруға 4 млрд. АҚШ доллары қажет

Астана. 5-қазан. BAQ.KZ. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ұйымдастырған "Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Оған ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов пен ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев қатысты. Сондай-ақ, 55 үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен 20-ға жуық БАҚ өкілдері қатысты. 

 ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі С.Сәрсеновтың айтуынша, бүгінде еліміздің 70 пайызы интернетті қолданады екен. Бағдарлама аясында олардың қатарын 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
"Бүгінде Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер қатарында 51-орында. Одан жоғарылау үшін ақпараттық қоғам құрудың маңызы зор. Бүгінде мұндай жобаны қолға алған Сингапур, Оңтүстік Корея, Ресей, Финляндия, Канада және Малайзия секілді елдердің тәжірибесіне сүйенген жөн. Электронды қоғам құру жобасының 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыруға 4 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы қажет. Біз "Е-әкімдік" жобасын дамыту үшін үш деңгейлі облыс, қала, ауыл моделін құрамыз", дейді Сәкен Сәрсенов.

Жандос Байділда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер