BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Curiosity Марста теңіздің болғандығына дәлел тапты

Астана. 10 желтоқсан. BAQ.KZ – Шамамен 3,7 млрд жыл бұрын Марстағы Гейл кратерінде теңіз болған. Мұндай мәлімдемені Сан-Франциско қаласында Реактивті қозғалыс зертханасының мамандары жасады. Олар Curiosity аппараты жіберген жер қыртысын зерттеген болатын. 

ИТАР-ТАСС хабарлағандай, топырақтың құрамынан минералдар, күкірт, азот, фосфор, сутегі, оттегі және көміртегі
табылған. Демек, бұл Марста болған теңіз суы ішуге жарамды екендігін көрсетеді. Мамандардың айтуынша, теңіз бірнеше мың жыл бойына тартылмаған. Онда бірақ тек микробтар ғана өмір сүре алатындай жағдай болған дейді ғалымдар.
"Егер біз Жердегі микроорганизмдерді Марсқа алып барып, сол теңіздің орнына жіберсек олар өмір сүріп кетер еді" дейді Curiosity миссиясының жетекшісі Джон Гротцингер.
Curiosity Марсқа 6 тамыз күні қонған болатын. Оның мақсаты Гейла кратерін зерттеу. Сол арқылы "Қызыл планетада" бұрын-соңды тіршіліктің болған-болмағандығын анықтау жұмыстары да көзделуде. Аппарат Марста 637 күнін өткізеді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер