Бүгін «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі қазақ жеріне қонады - Өркениет|02 Наурыз 2016, 10:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бүгін «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі қазақ жеріне қонады

Астана. 2 наурыз. Baq.kz - Ресейлік ғарышкерлер Михаил Корниенко мен Сергей Волков және америкалық астронавт Скотт Келли мінген «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан ажырады, деп жазды ТАСС. 

«Кеме стансадан ажырады»,- деді Ұшуды басқару орталығының өкілі.
Корниенко мен Келли 11 ай бойы экспедицияға қатысты. «Союздің» командирі Волков ХҒС-да 182 күн болды. Олар ұшып кеткеннен кейін стансадағы жұмыстарды Юрий Маленченко (Ресей), Тимоти Копра (АҚШ) мен Тимоти Пика (Ұлыбритания) жалғастырды.
Ғарыш кемесі бүгін Мәскеу уақыты бойынша сағат 10:25-те Жезқазған қаласынан 147 км қашықтықта қонады деп божанып отыр. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер