Батареямен жүретін автобустарды пайдалануда - Өркениет|24 Қыркүйек 2013, 18:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Батареямен жүретін автобустарды пайдалануда

 Астана. 24 қыркүйек. Baq.kz –Бүгін Абу-Даби көшелерінде электр батареясымен 2 қоғамдық автокөлік жүре бастады деп хабарлайды «Әл-Арабия» телеарнасының тілшілері.

 Бұл автобустар ірі сауда орталықтары мен қала жанындағы аймақтар арасында адамдарды тасымалдайды.
«Әл-Иттихад» газетінің хабарлауынша, жоба ресми түрде қазанның соңында бастау алады.
Жобаға алты ай бойы бақылау жүргізіледі. Егер де экологиялық таза деп танылған қоғамдық көлік түрі сынақтан сәтті өтсе, қазіргі барлық автобустарды толықтай ауыстырады. Бастысы төлемақы бағасына әсер етпейді.
Бұндай автобустар толық зарядталған кезде 200 шақырымға дейін жол жүре алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер