«Бастысы адамдардың сана-сезімін өзгерту» - Өркениет|26 Қыркүйек 2013, 16:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Бастысы адамдардың сана-сезімін өзгерту»

Астана сөзсіз еліміздің әкімшілік-саяси орталығы. Сондықтан қала салуда ескі әдістерді қолдана алмаймыз, сонымен қатар, мұндай ауқымды жобаларды басқаруда ескі тәсілдерге жүгіну қиынға соғады. Мұндай пікірді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Астанада өткен «Smart Astana 2013» конференциясында білдірді.

Оның айтуынша, «Smart City» жобасын пайдалана отырып, Астанадағы жалпы ахуалды өзгертуге мүмкіндік туады. Бүгінгі қарқынды дамып жатқан қоғамда дәл осындай жобаның негізінде жұмыс істеу бәріміз үшін де тиімді, дейді қала әкімі.

«Жалпы алғанда, қандай қиын жоба болмасын оны еңсеруге болады. Қаржылай да интеллектуалдық тұрғыдан да оған әлеуетіміз толық жетеді. Мәселен, Мемлекет басшысы Астананы Ақмолаға көшіру бастамасын көтергенде, барша жұрт алғашында абдырап қалғаны белгілі. Кейіннен, адамдардың сана-сезімі бірте-бірте бұл процеске үйренді. Сондықтан бастысы адамдардың сана-сезімін өзгерту. Болып жатқан өзгерістерді халық қабылдай алуы керек. Яғни, жасалып жатқан өзгерістер халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс», - дейді И.Тасмағамбетов.

 

Ғабит ҚАРАБАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер