Балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне арналған дөңгелек үстел өтеді - Өркениет|12 Мамыр 2014, 18:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне арналған дөңгелек үстел өтеді

Астана. 12 мамыр. Baq.kz – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Қазақстан Интернет Ассоциациясының ұйымдастыруымен 13 мамыр «Қазмедиа Орталығында», сағат 10:00-де балалардың интернеттегі қауіпсіздігі мен оны реттеуге байланысты сұрақтары талқыланатын дөңгелек үстел өтеді.

 Бүгінгі балалар мен жасөспірімдер сандық технологиялар заманында өсіп келе жатқандықтан олар өздерін киберортада еркін сезінеді, ал жаңа технологияларды олар пайда бола салысымен меңгеріп алады. Осы жерде «Мектеп пен ұстаздар бұл өзгеріске қаншалықты дайын?», «Олар балалардың сандық технологияларды меңгерулеріне көмектесуге дайын ба?» деген сынды мәселелер туындайды.
Көптеген зерттеулер балалар олардың ата-аналарына қарағанда интернет жайында көбірек білетіндіктерін дәлелдеп отыр. Бүгінгі күні балалардың интернеттен қажетсіз контентті алуына көптеген жолдар арқылы төтеп беруге болады. Оның ең оңай жолы белгілі бір ресурстарды бұғаттап тастау. Алайда бұл оңай жол баланы өзге де ақпараттық аудио, видеолардан ада етеді деген сөз. Бұл жағдайда қайтпек керек? Осынң барлығы «Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі: өзін-өзі реттеудің басымдылығы» атты дөңгелек үстелде талқыға салынады.

Дөңгелек үстелдің спикерлері ҚР білім және ғылым Министрлігі, Google Россия и СНГ-нің мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату маманы Марина Жунич және Қазақстан Интернет Ассоциацияның президенті Шавкат Сабиров.
Сонымен қатар, отырысқа балалар құқын қорғау бойынша Қазақстандағы уәкілетті органдардың, балаларды қорғауға бағытталған қоғамдық ұйымдардың, сараптама, бизнес өкілдері, байланыс операторлары, хостинг-провайдерлері, қазақстандық танымал интернет-ресурстардың басшылары, қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер