«ASTEX-2014» көрмесіне 3200 адам қатысқан - Өркениет|20 Мамыр 2014, 18:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«ASTEX-2014» көрмесіне 3200 адам қатысқан

Астана. 20 мамыр. Baq.kz – Ақылды технологиялардың ASTEX көрме-конференциясы әлі жалғасып жатыр. Десе де, оны тамашалауға 3 мыңнан астам адам қызығушылық танытып үлгерді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту қоры» КҚ бас директоры Санжар Кеттебеков мәлімдеді. Баспасөз маслихаты ASTEX- 2014 халықаралық көрме-конференциясының қорытындысына арналған болатын. 

«ASTEX екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Көрменің алғашқы күнінен-ақ нәтиже көріп отырмыз. Қайда ұмтылуымыз қажет екенін білдік. Біз көрмеге мұндай қызығушылық болады деп күтпеген едік. Шараға 3200 адам келді. Оған өте беделді спикерлерді тарттық. Олардың қатарында Сars.com интернет-порталының негізін қалаушылардың бірі, «NewEggNorthAmerica» компаниясының бас директоры Роберт Беллак мырза да бар. Олар Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ауыз толтырып айтарлық жетістікке жету үшін мүмкіндігі зор екенін атап өтті», - деді Санжар Кеттебеков.

Брифингке жиналғандардың айтуынша, көрме конференцияда 41 спикер сөл сөйлеп, 42 компания ұсынылған. Сондай-ақ, 9 толық сессия, 2 шеберлік көрсетілім, 3 дөңгейлек үстел, 17 екі жақты кездесулер өткізілген.
«Елімізде экожүйе қалыптасты деп айтуға болады. Кейбір құрауыштар әлі де жетілдіріліп жатыр. Бастысы, негізгі іргетасы қаланған. Қазақстанда электрондық коммерцияның ірі көшбасшылары деп «Қазақстан темір жолы», «Эйр Астана», электрондық үкіметті, «Қазкомды» атап өтуге болады», - деді Санжар Кеттебеков.

Еске сала кетейік,«ASTEX-2013» көрмесін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі, «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі және «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту қоры» ұйымдастырып отыр. Шара шеңберінде электрондық коммерция және логистика, электрондық бизнес саласындағы инновациялық өнімдер, B2C және B2B-де АКТ саласын дамыту мәселелері талқыланып, голографиялық визуалдаудың соңғы технологиялары, 3D-принтерлер мен АКТ саласындағы өзге де жаңашылдықтар ұсынылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер