Астананың орталығында ақылы тұрақ орналасады - Өркениет|19 Қыркүйек 2013, 19:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астананың орталығында ақылы тұрақ орналасады

 Астана. 19 қыркүйек. Baq. kz- Тұрақ инфрақұрылымын талдау көрсеткендей, елорданың ескі және жаңа орталықтарында, сондай-ақ, ірі әкімшілік және сауда орталықтарының маңындағы аудандарда тұрақ орындарының жетіспеушілігі өткір сезіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының әкімдігінен хабарлаған.

 Көліктердің саны ұдайы артып отыратындықтан тұрақтардың болмауы қиын жағдай туғызып отыр. Сұраныс өскен сайын, қаладағы жайлылық, көлік жүйесі қызметінің тиімділігі азайып барады.
Бұған дейін аталған мәселе тұрақтар мен паркингтер салу арқылы машина қоюға арналған қосымша алаңдар құру жолымен шешіліп келді. Бірақ іс жүзінде осы шаралармен ғана шектеліп, қажетті нәтижеге қол жеткізуге болмайды. Қазіргі заманғы халықаралық тәжірибеге сәйкес, ірі қалаларда реттелетін тұрақтарды енгізу - түбінде ақталатын қажеттілік болып табылады.
Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын табу кешенді шешімдерді талап етеді: көше-жол желілерін, қоғамдық көлік жүйелерін дамыту, коммуналдық паркингтер мен тұрақтар салу, сонымен қатар, балама көлік түрлерін пайдалану үшін жағдай жасау.
Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетінін ескере отырып, қала әкімдігі ақылы тұрақ жүйесін кезекпен енгізу туралы шешім қабылданды: бірінші кезекте тарихи қалыптасқан ауданда, одан әрі елорданың жаңа әкімшілік орталығында.
Тұрақтарды ұйымдастыру бағдарламасы мен техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) жасау үшін еуропалық мамандар тартылды. Жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде сараланған төлем кварталдың ішіндегі территорияларда және көшенің көлік жүретін жолының бойындағы 20 мыңға жуық тұрақ орны бар аумақта алынатын болады.
Жобаны қолға алудың нәтижесінде көше-жол желісіне түсетін салмақ азайып, оның өтімділік қасиеті ұлғаяды, жол қозғалысының қауіпсіздігі артады, жаңа тұрақ орындарын құрудың инвестициялық тартымдылығын жақсарту, Астана қаласының бюджетіне түсетін түсімді ұлғайту. Ақылы тұрақтардан түсетін табыс қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға, соның ішінде коммуналдық паркингтер салуға бағытталады. 2014 жылдың ІІ жартыжылдығында Есілдің оң жағалауында жүйенің бірінші кезегі іске қосылмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер