Астанада туристерге арналған қызметтердің бірыңғай онлайн-жүйесі жасалуы мүмкін - Өркениет|20 Қаңтар 2016, 19:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада туристерге арналған қызметтердің бірыңғай онлайн-жүйесі жасалуы мүмкін

Астана. 20 қаңтар. Baq.kz - Ұлттық палатада америкалық ірі көлік компаниясымен ынтымақтастық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дөңгелек үстел ұйымдастырып, онда елордалық такси компаниялары, әуежай, вокзал, сонымен қатар «Astana Innovation» компаниясының өкілдері АҚШ-тан келген әлеуетті инвесторлармен кездесті. Атап айтқанда, стартап-жобалармен айналысатын белгілі «Carmel» және «Elizarov Consulting Group» көлік компаниясы қатысты.

«Carmel» компаниясы АҚШ қалаларына келіп жатқан туристер үшін сервистік қызметтер көрсетеді. Олар қызметтердің кең көлемін ұсынады: такси, қандай да бір нысандарға бару және т.б. Осының бәрі онлайн-режимде жасалады. Әлемнің барлық елдерінде компанияның 180-нен астам өкілдігі бар», - деп хабарлады Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Астана америкалықтардың зор қызығушылығын тудырып отыр. Оған 2017 жылы өтетін «EXPO» көрмесінің де қатысы жоқ емес. «Астанаға 5 миллионға жуық адам келеді. Дамыған елдердің осындай қызметтерімен тығыз жұмыс жасауымыз қажет. Компанияның Қазақстанға инвестиция құйып, жергілікті бизнеспен жұмысты жөнге салуға ниет білдіруі, бұл тамаша дүние. Сондықтан да бүгін осы дөңгелек үстелді, такси компанияларымен, әуежаймен, вокзалмен кездесу ұйымдастырып отырмыз. Кеше олар Астана әуежайында, темір жол вокзалында, сонымен бірге жаңадан салынып жатқан темір жол вокзалында болып қайтты. Бұл үлкен ынтымақтастықтың бастауы деп ойлаймыз», - деп атады ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Нұржан Әлтаев «Carmel» компаниясының барлық такси компаниялары мен әуе компаниялары, әуежайлар, темір жол вокзалдары, такси, театрлар және басқа да көрікті орындар сияқты туристерге қызмет көрсететін компанияларға бірігуді ұсынатынын хабарлады. Оларда ортақ онлайн-тұғырнама болуға тиіс. «Мәселен, әуежайға келіп, Франкфуртқа ұшайын деп тұрсыз делік. Нью-Йорктің әуежайында «Carmel» компаниясының терминалдары тұр. Ол арқылы Франкфурттан таксиге, театр немесе қандай да бір мұражай билетіне тапсырыс бере аласыз. Әлі Нью-Йорктен ұшып кеткен жоқсыз, бірақ осының бәріне онлайн-режимде төлем жасап, брондап қоя аласыз. Келген кезде қажет орынға апарып тастайтын такси күтіп тұрады», - деп түсіндірді ол.

ҰКП өкілі мұның компанияның Қазақстанға жасаған алғашқы танысу сапары екенін айттты. «Олар нарығымызды бағаламақшы, осыдан кейін қандай да бір нақты инвестициялық ұсыныстар аламыз», - деді ол.

«Carmel» президенті Авик Кабессаның сөзінше, бірыңғай механизм қызмет алушыларға ғана емес, барлық қатысушыларға да пайда әкеледі. «Қазақстанда қолдануымызға болатын көптеген құрамдастарды көріп отырмыз. Туристер Қазақстанға келгенге дейін және осы жерден кетерде туристерге қызмет көрсететін бірыңғай механизм жасақтау үшін, осындағылардың бәрінің басын біріктіре аламыз. Осылайша, барлық процестер оңтайландырылып, құрылымның барлық қатысушыларының табысы арта түседі. Ал бұған шағын бизнес қатыса алады. Осылайша Қазақстан экономикасына үлесін қосады», - деді ол.

«Қазір нені байқап отырмыз? Жеке меншіктегілер тұрып алып: «Такси, такси!», - деп айқайға басады. Әрі жолаушының қауіпсіздігіне де еш кепілдік жоқ. Бұл да елдің имиджін айқындайды», - деп жалғады сөзін Авик Кабесса.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер