Астанада спутниктік навигациялық аппаратураның тәжірибелік өндірісін пайдалануға қабылдады - Өркениет|15 Қаңтар 2016, 11:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада спутниктік навигациялық аппаратураның тәжірибелік өндірісін пайдалануға қабылдады

Астана. 15 қаңтар. Baq.kz - Қазғарыштың «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ «Қазақстан Республикасының дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру (ДЖСНЖ)» жобасы шеңберінде Спутниктік навигациялық аппаратураның тәжірибелік өндірісін құру бойынша жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды Қазғарыш баспасөз қызметі. 

Ғылымды қажет ететін өнімді жасау кезінде қазақстандық қамтуды арттыру мақсатында тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар атқарылғанын, сондай-ақ отандық өнімнің үш түрі әзірленгенін атап өткен жөн: - дифференциалдық станция мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету;

- геодезиялық класты дәлдігі жоғары тұтынушылардың навигациялық аппаратурасы; - көлік құралдарының апаттары мен авариялары кезінде шұғыл оперативтік қызметтерді шақыру функциясымен дәлдігі стандартты тұтынушылардың навигациялық аппаратурасы. Спутниктік навигациялық аппаратураның тәжірибелік өндірісі Астана қаласында Ұлттық ғарыш орталығының базасында ДЖСНЖ орталығының ғимаратында орналасқан және технологиялық жабдықпен қамтылған, сондай-ақ өнімді тораптық жинау әдісімен шығаруға дайын. 

Фото: bmtv.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер