BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада хакерлер жарысы басталды

  Астана. 12 қазан. Baq.kz - Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрек ғимаратында «Astana Hackathon» атты IT-жобаларының жарысы басталды деп жазады ҚазАқпарат.

 Hackathon (hack+marathon), яғни хакерлер марафоны барысында қатысушылар 24 сағаттың ішінде ақпараттық технологиялар саласында белгілі бір жобаны ұсынып, іске асыруы шарт. Биылғы жарыстың сыйақы қоры - 1 млн. теңге. Оның 500 мыңы - бірінші орынға, 300 мың - екінші орынға, ал 200 мың теңгесі үшінші орынға тағайындалып отыр. «Қазіргі кезде жарысқа қатысу үшін 120-дан астам адам өтініш білдірді. Жобалардың нақты саны айту қиын. Себебі әлі де өтініш беріп, қатысуға болады. Жалпы, біз Smart Astana бастамасы аясындағы үздік жобаларға қолдау жасауды көздейміз», - дейді жарыстың ұйымдастырушысы «Астана Innovations» АҚ бас менджері Батырбек Дәуітбаев.
Айта кетейік, жарыстың жеңімпаздары ертең, 13 қазан күні кешқұрым анықталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер