Астанада 2014 жылы «Ақылды бағдаршамдар» пайда болады - Өркениет|05 Қыркүйек 2013, 18:12
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада 2014 жылы «Ақылды бағдаршамдар» пайда болады

Астана. 5 қыркүйек. Baq.kz – Астанадағы кептелістерді азайту мақсатында 2014 жылы «Ақылды бағдаршамдар» іске қосылады. Бұл туралы бүгін Smart Astana жобасы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов мәлім етті. 

«Келесі жылдың алғашқы тоқсанында Сарыарқа, Тұран даңғылдары мен Қонаев, Достық, Сарайшық, Сығанақ көшелерінде 42 бағдаршамды іске қосамыз. Бұл көшелермен көліктер еркін жүріп-тұрады, кептелістерді мейлінше азайтамыз», - дейді Басқарма басшысы.

Оның айтуынша, барлық бағдаршамдар бір пунктке қосылып, орталықтан басқарылады. Енді қоғамдық көлікке мінген жолаушы баратын жеріне бұрынғыдай сағаттап емес, бар болғаны 20 минутта жетеді. Астананың әр көшесінде күн сайын 4 мыңға тартакөлік жүреді, бұл шағын Астана үшін өте көп.

2017 жылға дейін орталық көшелердегі 304 жол қиылысы, ал 2017 жылдан кейін шағын аудандардағы 56 жол қиылысы осындай бағдаршамдармен жабдықталады.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктерге арнап жолдың дәл ортасынан арнайы жолақтар салынады. Барлық бағдаршамдар автобустардың тоқтамай жүруіне есептеп реттеледі. Яғни, басымдық қоғамдық көліктерге беріледі. Жеңіл көлікте шамамен 1 сағат баратын жеріңізге автобуспен 20 минутта жетесіз.

Бұл жобаны дамытудың негізгі үлгісі еуропа қалаларын дамыту үлгісінен алынған. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер