Асфальт араластыру қондырғыларын шығаратын жаңа зауыт құрылысы басталды - Өркениет|03 Шілде 2012, 13:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Асфальт араластыру қондырғыларын шығаратын жаңа зауыт құрылысы басталды

Астана.3 маусым. BAQ.kz - Бүгін жалпыұлттық телекөпір аясында Қостанай облысында асфальт араластыру қондырғыларын шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталды, деп жазады PM.kz.

Бұл зауыт әзірге Қазақстанда осындай қондырғылар шығаратын жалғыз кәсіпорын және ол өз өнімдерін тек отандық нарыққа ғана емес, экспортқа да шығармақ.

«Бұл - Қазақстан үшін жаңа өнім. Бүкіл жүйе толығымен автоматтандырылған, мәліметтер арнайы мониторға шығарылады. Кәсіпорынның өнімі Қазақстанға, Кеден Одағы елдеріне және жақын шетелге жіберіледі. Қазақстандық қамту үлесі шамамен 60 пайызды құрайтын болады», - деп хабарлады «Лудэ-Қаз» компаниясының президенті Амантай Сағат.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде іске асырылған индустриялық жобалар саны Қостанай облысы бойынша алда келеді. 2,5 жылда облыста барлығы 43 жоба іске асырылды. Ал жалпы орталық және солтүстік облыстарда өткен 2,5 жылда 226,3 млрд.теңгенің 129 индустриялық жобасы іске асты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер