Арабтардың автобусы ауаны 78 пайызға аз ластайды - Өркениет|20 Шілде 2012, 17:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Арабтардың автобусы ауаны 78 пайызға аз ластайды

ДУБАЙ. 20 шілде. BAQ.KZ - Дубайда биодизель отынымен, күн батареясымен және қайта өңделген шикізаттан жасалған шиналармен жүретін автобустар жасамақ. Мұндай экологиялық таза көлік жобасын іске асыру жөнінде Араб әмірліктерінің премьер-министрі шейх Мухаммед бин Рашид Аль Мактум бастама көтеріп отыр.

Gulf News газеті жазғандай, биодизелді қозғалтқыштан бөлек, автобус күн батареясы арқылы қуатталатын жарықдиодты жүйе мен қайта өңделген шикізаттан жасалған шиналармен жарақталады.
Сынақтан өткізілетін алғашқы автобустар қалалық бағыттарда жарты жыл уақыт ішінде тексерістен өткізілмек, егер жоба сәтімен іске асса автобус паркі ұлғайтылмақ.
"Біз үнемі көліктердің инновациялық түрлерін іздестірудеміз, биодизель отынымен жүретін автобус қоғамдық тасымалды жақсартуға үлесін қосады. Қолданыстағы автобустарға қарағанда олар қоршаған ортаны 78%-ға аз ластайды",- дейді Дубай қоғамдық көлік агенттігінің басшысы.


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер