Apple iPhone 5 таныстырылымын өткізді - Өркениет|13 Қыркүйек 2012, 08:56
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Apple iPhone 5 таныстырылымын өткізді

13 қыркүйек.BAQ.kz- Apple компаниясы смартфондарының соңғы үлгісін ресми түрде таныстырды. Тұсаукесерді компанияның халықаралық маркетинг жөніндегі вице-президенті Фил Шиллер өткізді.

Жаңа смартфон тұтастай шыны мен алюминийден жасалған. Телефон қалыңдығы 7,6 мм құрайды, бұл бұдан бұрын шыққан үлгіге қарағанда 18% жіңішке болып келеді. Айфонның салмағы да алдыңғы нұсқасына қарағанда әлде қайда жеңіл, не бәрі - 112гр. Құрылғының дисплейі де жаңарған, диагоналі 4 дюйм болып келетін оның экранында қосымша пиктограммалар орналастыруға мүмкіндік бар. Фил Шиллердің айтуынша, жаңа смартфон кескіндерді iPhone 4ке қарғанда екі есе тезірек өңдейді.  

Сонымен қатар, оның камераға түсіру мүмкіндіктері ИК-фильтірлі 8-мегапиксельді құрайды. Мұны пайдаланушылар 10 сағат бейне көріп, 40 сағат музыка тыңдай алады.  

Телефонның ерекшелігі, онда бірден үш микрофон қосылған, бұдан бөлек смартфонмен бірге сатылатын құлаққаптарда шуды басу функциялары болады.

Таныстырылымда телефонның бағасы жөнінде де сөз қозғалды. Мысалға, АҚШта 16гб жадысы бар құрылғы 199 доллар тұрмақ. Телефондар тек 21 қыркүйектен бастап саудаға түседі, ал 14 қыркүйектен бастап сатып алушылардан алдын-ала тапсырыстар қабылдана бастайды.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер