Алматылық студент көлікті «қаңтаруға» көмектесетін құрылғы ойлап тапты - Өркениет|25 Қыркүйек 2012, 17:41
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматылық студент көлікті «қаңтаруға» көмектесетін құрылғы ойлап тапты

АСТАНА. 25-қыркүйек. BAQ.KZ. Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар институтының бірінші курс студенті Дінмұхамед Құрбанқожаев автотұрақтарда көлікті қоюдың қиындығынан құтылудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.  

«Мен көлігімді тұраққа қойғанда көп қиналдым. Міне, қиындықтың нәтижесінде осы құрылғыны ойлап таптым», - дейді Дінмұхамед.
Дінмұхамедтің айтуынша, көлікті тұраққа қою кезінде құрылғы үшін GPS навигаторының көмегінсіз айналадағы төрт метр аумақтың барлығы анық көрінеді. Тек көлігіңізді төрт жағын бірдей аңдайтын инфрақызыл сенсорлы сәуле орнатуыңыз тиіс. Сосын ондағы хабар кішігірім процессорға жетеді.
«Біз әзірге 50 доллар тұратын «Apple A5»-ті таңдап алдық. Айналаңыздағы барлық кедергілер планшет көлеміндей мониторға түседі. Алғашқыда бұл құрылғыны орнату 500 доллар шығынға ұшыратады. Кейін сенсорларды көтерме сауда бойынша алсақ, 250-300 долларға орнатуға болады» дейді студент.
Дінмұхамед Астанада өтіп жатқан «Communications Kazakhstan-2012» конференциясында бұл жобасының атын «Easy Parking» деп атады. Жас өнертапқыштың бұл жобасына басқа компаниялар құда түсіп, ақша бөлеміз деп отырған көрінеді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер