Алматыда «жер үсті метросы» салынады - Өркениет|16 Мамыр 2014, 18:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда «жер үсті метросы» салынады

Астана. 16 мамыр. Baq.kz – Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен жиын болып өтіп, онда қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақсартуға қатысты екі жоба қаралды. Бұлар - жүрдек автобус дәліздері жүйесін (BRT - Bus rapid transit) енгізу және жаңа веложол салу, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Әкім соңғы екі жылда қаланың қоғамдық көлігі едәуір дамығандығын атап өтті. Болашақта BRT енгізу үдемелі жоба қатарына енуі мүмкін. Бұл бағыт Орбита ықшам ауданынан басталып, қаланың орталығынан Шығыс айналма жолына шығатын болады.

«Бізде үйлестірілген жол жүйесін салудың потенциалы үлкен. Көлік кептелісін азайту, қала экологиясын жасқарту, тасымал сапасын арттыру үшін қалада алғашқы БРТ дәліздерін құру жоспарланған. Алматы біртіндеп «тұруға жайлы қала» концепциясын жүзеге асырып келеді», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша Халықаралық сараптамашы Эрик Трелл BRT жүйесінің «жер үсті метро» аталатындығын, мұнда ЖРТ жылдамдығы қамтамасыз етілетіндігін, бағаны төмен әрі автобус желісінің қарапайым екендігін жеткізді.

Қала басшысына велоинфрақұрылымды дамыту жобасы да көрсетілді. Алматыда тұрғындар арасында велосипедке деген қызығушылықтың артуына қатысты веложолдар саны арта түсуде. Мысалы, ұсынылған жоба бойынша жаңа веложолдың ұқзындығы 5км. болмақ және ол Тимирязев пен Байтұрсынов көшелерін басып өтіп, Абай даңғылындағы бұрыннан бар веложолмен тоғысады.

Жиын соңында қала басшысы тиісті құрылымдарға ұсынылған жобаларды терең зерттеп, мақұлдап, бекітуді тапсырды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер