Алматыда "Жаңа медиа: баспа БАҚ-тың болашағы" атты республикалық конференция өтеді - Өркениет|24 Қыркүйек 2013, 12:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда "Жаңа медиа: баспа БАҚ-тың болашағы" атты республикалық конференция өтеді

Астана. 24 қыркүйек. Baq.kz – 26 қыркүйек Алматыда "Жаңа медиа: баспа БАҚ-тың болашағы" тақырыбында медиялық конференция өтпек. Шараны Мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауымен «Казконтент» АҚ ұйымдастырып отыр. 

Барлық аймақтан бас қосқан 130-дан аса жас журналистер мен блогерлер конвергенті (мультимедиалық) журналистиканың ерекшеліктері мен даму перспективасын, сонымен қатар заманауи медиа нарығындағы БАҚ барлық сегментінде жұмыс істей алатын әмбебап журналистерді дайындаудың әдістемесін талқылайды деп күтілуде.

Медиалық конференция ең алдымен қазақ тілді БАҚ жас журналистер мен редакторларға еңбекті ұйымдастыру қағидалары мен дәстүрлі редакцияларды реформалау сценариін жете түсіндіру мақсатында ұйымдасытырылған. Медиасарапшылар өз кейстерінде конвергенция қағидасына өту кезінде медиакомпаниялардың әртүрлі бөлімдерінің қызметін жоспарлауды ұсынып, өздерінің медиа өнімдерін ілгерілету үшін әлеуметтік желілерде онлайн-журналистиканың құралдарын қолдану мен тиімді пайдалану тәжірибесімен бөліседі.

Аталмыш конференция интернет-ресурсті құру, сондай-ақ, контентті басқару жүйесіндегі әкімшілік әдісін оқыту және әлеуметтік медиада ілгерілетуді үйретуге мүмкіндік беретін басылымдық БАҚ Интернетке өтуі Жобасы шегінде өткізіліп отыр.

«Казконтент» АҚ – Интернет желісінің (Қазнет) қазақстандық сегментінде даму және ақпараттық кеңістік құру Концепциясын іске асыру мақсатында 2008 жылы құрылған мемлекеттік компания.

Компанияның басты мақсаты – Қазақстанда дамыған ұлттық сегментінің жаһандық ақпараттық Интернет желісін құру, соның ішінде желілік ақпараттық ресурстарды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды ұйымдастыру, осы салада белсенділікті инвестициялық және инновациялық ынталандыру. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер