Алматыда Kazakhstan OnLike-2013 Медиаконгресс жұмысын бастады - Өркениет|19 Қыркүйек 2013, 11:09
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда Kazakhstan OnLike-2013 Медиаконгресс жұмысын бастады

Астана. 19 қыркүйек. Baq.kz – Бүгін Алматыда Kazakhstan OnLike-2013 Медиаконгресс ашылды, оны ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Журналистер одағы мен «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ-ы ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Іс-шараға қазақстандық БАҚ-тардың бас редакторлары, әлеуметтік мадиа-тұғырнамалар иелері, электронды БАҚ мамандары, белгілі сарапашылар, саясаттанушылар қатысуда. Қонақтар арасында Қазақстан Республикасының Үкімет мүшелері, парламент депутаттары және жергілікті органдар өкілдері болады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, іс-шара жаңа медиа мен журналистика саласындағы ерекше жобалардың дамуына ықпал етпек, медиалық қауымдастық қатысушыларының бірлескен жобаларды техникалық жүзеге асырудағы қазіргі шешімдер және оны іс жүзінде елімізде қолдану жайы сөз болады. Медиаконгресте «Жаңа медиа және саяси коммуникациялар», «Жаңа медиа - экономикадағы коммуникациялар», «Масс-медиа эволюциясы: қағаздан сандық салаға өту», «Жаңа БАҚ-қа арналған бизнес моделдері» тақырыптары талқыланады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер