Алматыда ашық аспан астында кинотеатр жұмыс істемек - Өркениет|22 Мамыр 2014, 19:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда ашық аспан астында кинотеатр жұмыс істемек

Астана. 22 мамыр. Baq.kz – Жыл сайынғы «Алматы - гүл қала» фестивалінің форматы өзгеше. Осы жылдың басты жаңалығы Алматы халқы мен қонақтарына көк аспанның астында кинофильм көруге мүмкіншілік туады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

«Биылғы маусымдағы басты жаңалық - ашық аспан астындағы кинотеатр. Алматылықтар мен қала қонақтарына отандық киноленталар көрсетілетін болады, сағат 15.00-де «Он и Она», ал 19.00-де «Осторожно, корова» фильмдері ұсынылады. Бұлардан өзге Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясын бітірушілердің қысқа метражды дипломдық жұмыстарының премьерлік көрсетілімі болады», - делінген хабарламада.

Фестиваль барысында саябақты гүлмен әрлеу, флористикалық конкурс, сату жәрмеңкесі, гүлдер көрмесі, отандық және шетелдік флористердің шеберлік сыныптары және басқа да қызықты шаралар ұйымдастырылады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер