Әлеуметтік желінің мән-маңызы сөз болды (ФОТО) - Өркениет|28 Тамыз 2013, 19:07
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Әлеуметтік желінің мән-маңызы сөз болды (ФОТО)

Астана. 28 тамыз. Baq.kz – Бүгін «Нұр Отан» ХДП Саясат менеджементі мектебінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазконтент» АҚ мамандары «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурсын әлеуметтік желілерде ілгерілету» тақырыбында семинар өткізді. Бұл жөнінде Baq.kz тілшісі хабарлайды. 

Басқосуға мемелкеттік органдар мен бірнеше құзырлы мекемелердің баспасөз хатшылары мен осы тақылеттес қызметтің сан түрлі қызметкерлері қатысты. Ал семинардың тізгін ұстар жүргізушілері ретінде белсенді блогер-журналист Искандер Салиходжаев, gonzo.kz платформасының құрылтайшысы, блогшы Ринат Балғабаев және «Нұр Отан» ХДП Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Болат Берсебаев сөз алып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ал жиынға жетекшілік еткен Саясат менеджементі мектебінің директоры Әсет Абдуалиев босқосудың мақсат-міндетімен қатысушыларды жақынырақ таныстыра келіп, семинарды ұйымдастырушы «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әшім Нартайға сөз берді.
Нартай Қасымжанұлы өз кезегінде, бүгінгі таңда интернет-ресурсты ілгерілетуде мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желілерді өз игіліктеріне пайдалана алу мүмкіндіктері мен оның қыр-сырын үйрететін боламыз. Дегенмен, бұдан да тереңірек меңгеру жолында сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз аса құнды болып табылады. Сондықтан да семинар-кеңеске белсенді қатысуларыңызды өтінеміз. Жалпы, үйренеріміз көп болсын, - деп өз лебізін білдіріп сәттілік тіледі.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер