Ақтаулық зейнеткер ерекше мұнай ұңғымасын ойлап тапты - Өркениет|23 Мамыр 2014, 15:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақтаулық зейнеткер ерекше мұнай ұңғымасын ойлап тапты

Астана. 23 мамыр. Baq.kz - Ақтаулық зейнеткер экономикалық әрі экологиялық жағынан тиімді ерекше мұнай ұңғымасын ойлап тапты. Өнертапқыш бұл дүниені жасауға 25 жыл уақытын жұмсаған. Әбілқас Бисембаев жаңа жобаны жергілікті мұнай компанияларының өкілдері мен аймақ ғалымдарына таныстырды. 

Жаңа құрылғының көмегімен кен орындарындағы қалып кеткен мұнайды түгел тартып алуға болады. «Шығыны өте аз. Өзге ұңғымаларға қарағанда тоқты 10 есеге аз жұмсайды әрі қажетті қуат көзін желден де ала алады»,-дейді автор. Ғалымдар мынадай ұңғыманың еліміз үшін өте қажет екенін айтады. Олардың пікірінше, біріншіден, отандық өнімнің бағасы төмен болады, екіншіден, елімізде мұнай ұңғымаларын шығаратын кәсіпорын ашылса, қаншама адамға жұмыс табылады. Айта кету керек, бүгінде мұнай өндіру саласында қолданып жатқан ұңғымалардың барлығы шет елдерден сатып алынған. Үкіметтен қолдау көрсетіліп, жаңалық жүзеге асырылса, өнертапқыш өз туындысын Экспо-2017 көрмесіне қоюды жоспарлап отыр.

Әбілқас Бисембаев, Өнертапқыш:
-Азғантай қалған скважиналар бар. Мысалы, бар болғаны 30 тонна сұйықтық болатын болса, соның 0,5 тоннасы ғана мұнай. Соны өндіруге экономикалық жағынан пайдалы емес деп, консервацияға жазып қойған көптеген скважиналар бар Өзенде, Жетібайда, барлық жерде. Енді менің құрылғымды қосатын болса, сол скважиналардың өзі пайдалы скважина болып шығады.

Біржан Сәуірбаев, Техника ғылымдарының докторы, профессор:
-Ғалым ретінде, өнертапқыш ретінде ол бәрін жасап шығарды. Ал енді соны дұрыстап өндіріске енгізу үшін, сынақтан өткізу үшін оны алдымен зауыттан шығару керек. Оған кәдімгідей ақша керек. Содан кейін эксперименталды алаң керек, сонда өнімді көрсетіп, дүниежүзіне айта аламыз, міне біздің шығарған заттарымыз сіздерден жақсы деп. Сонда ғана шетелдіктер бізге қарай бастайды.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер