BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АКТ бойынша еліміз 56-шы орыннан 49-шы орынға көтерілді

Астана. 20 қараша. Baq.kz - 2010-2012 жылдар аралығында жүргізілген зерттеулерге қарағанда, Оңтүстік Корея Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының (АКТ) дамуы индексі бойынша әлемдегі ең озық, алдыңғы елдер қатарында. Ал, онан кейінгі тізбекті Швеция иеленген. Бұл ретте Қазақстан 56-шы орыннан 49-шы орынға, Ресей 40-шы орыннан 38-шы орынға көтерілді. 

«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ (ҰАО АҚ) директорлар кеңесінің төрайымы Гүл Нұрғалиеваның айтуынша, Қазақстанда тәлім беру әдіснамасын жаңғыртып, білім берудің онлайн жүйесін белсенді түрде дамытуға тура келеді.

Бүгінде елімізде 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі қазақ және орыс тілдеріндегі мектеп пәндеріне арналған электрондық оқулықтар (ЭО) кеңінен таралған. ҰАО АҚ тарапынан әзірленген ЭО тиімділігі Шығыс Қазақстан облысының 11 мектебі мен Солтүстік Қазақстан облысының 16 шағын мектебінде жүргізілген зерттеулер барысында дәлелденген. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың үлгерімін 3-тен 25%-ға дейін (ШҚО) арттыруға мүмкіндік беріп, 200 оқушының «үштікке» оқитындар категориясынан «жақсы» және «озаттар» санатына өтуін қамтамасыз еткен (СҚО).

«Мұндағы басты кілтипан сол, әзірленген электрондық оқулықтар кеңінен тарала алмай жатыр. Мектептердің ҚР БҒМ тарапынан ұсынылған электрондық оқулықтармен қамтылуы 36% ғана», - дейді Гүл Құмашқызы.
Сондай-ақ, ол, е-контентке қажеттілік мектептер үшін әлі де жоғары. 2013 жылға арналған типтік оқу жоспарларының бекітілуіне сәйкес 48 мың мектеп тақырыптарын автоматтандыру керек, ал, профилдік оқу үшін аса маңызды мектеп пәндерін тереңдетіп оқытуға бағдарланған оқу бағдарламалары бойынша тағы да 900 мың тақырып қамтылуға тиіс. Жалпылай алғанда, е-контентке деген қажеттілік бізде Ресейдегідей 1 млн. бірлікті құрайды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер