BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ алғашқы жекеменшік спутнигін ұшырды

Астана. 4 желтоқсан. Baq.kz – АҚШ-тың жекеменшік Space Exploration Technologies компаниясы (немесе SpaceX) бірінші рет коммерциялық мақсаттағы спутникті сәтті ұшырды. 

"Falcon-9" деп аталатын зымыран 4 желтоқсанға қараған түні Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі әскери ғарыш айлағынан ұшырылған. Зымыран Люксембургте орналасқан SES компаниясының құны 100 миллион АҚШ доллары тұратын телекоммуникациялық спутнигін алып ұшып, 15 минуттан соң оны орбитаға шығарды.

Спутник Үндістан, Қытай, Вьетнам және Азияның бірқатар елдеріне телевизиялық және басқа да қызметтер көрсетуге жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

SpaseX бұған дейін Халықаралық ғарыш станциясына жүгі бар капсуланы сәтті жеткізген еді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер