Ақмолада көліктік бақылау онлайн арқылы жүргізіледі - Өркениет|11 Ақпан 2016, 18:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақмолада көліктік бақылау онлайн арқылы жүргізіледі

Астана. 11 ақпан. Baq.kz – Техникалық прогрестің қарышты дамығаны сонша, ұшы-қиыры жоқ дүниенің төрт түкпірінен де лезде ақпарат алатын жағдайға жеттік. Ғаламтордың бұл «сымсыз» желісін өмірдің кез келген саласында да пайдалануға мүмкіндік алдық.

Ақмола облысында жол бойларындағы көліктік бақылау енді онлайн желісі арқылы жүзеге асатын болды. Бұл жөнінде облыстың көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ерболат Ерімбет журналистермен өткізген брифингте мәлім етті. Осы мақсатта арнайы жасақталған екі жылжымалы бекет облыстың кез келген аумағында тұрып, онлайн арқылы тексеріс жүргізе алады.

Қазір жол бойларында кейбір бақылаушы орган қызметкерлерінің жүргізушілерді ұсақ-түйекке бола жазаға тартып, пара талап ететіні де еш жасырын емес. Сыбайлас жемқорлықтың жегі құрттай дендеп бара жатқан шағында, шалғай мемлекеттерден жүк тасымалымен өтетін жүргізушілерді әуре-сарсаңға салушылық та тыйылмай отыр. Ендігі жерде аталған инспекция өздерінің жылжымалы бекеттеріндегі жағдайды онлайн арқылы қадағалап, заңды белден басушылықтың алдын алмақшы.

Өткен жылдың өзінде аталған жылжымалы бекеттер арқылы барлығы 6 мыңнан аса жүк көліктері тексерілсе, оның 1200-і шетел көліктері болып табылады. Сөйтіп, жолдағы көліктік бақылау ережелерін бұзған тұлғалардан барлығы 150 миллион теңге көлемінде әртүрлі әкімшілік айыппұлдар мен жол жүру алымдарын бюджет есебіне өндіріп алды.

Ерболат Ерімбет алдағы уақытта бұл жүйені уақыт талабына сай жаңаша жарақтандыратынын атап көрсетті. Ақмоладағы бұл онлайндық бақылау жүйесі өмірге еніп, заңды белден басатындар да, бюджет төлемдерін төлеуден жалтаратындардың қарасы азаяды деп сендірді ол. Солай болатынына біз де сенім артып қайттық.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер