7 желтоқсанда ІІ Астана интернет форумы өтеді - Өркениет|27 Қыркүйек 2013, 15:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

7 желтоқсанда ІІ Астана интернет форумы өтеді

АСТАНА. 27 қыркүйек. Baq.kz - Биылғы, яғни ІІ Астана интернет форумы желтоқсанның 7-сінде өтеді деп жоспарланып отыр  

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан блогерлер одағының президенті Данияр Закираев айтты.

Оның мәліметінше, шараға шамамен 150-200 адам қатысады.

«Форумда 12 спикер болады. Атап айтар болсақ, ҚазНетке танымал Асхат Еркінбай, Батыр Хамзаұлы, Дінмұхамед Зиядин және тағы басқалар тәжірибелерімен бөліседі», - деді Д. Закираев.

Форумда негізінен ІТ, жаңа медиа туралы сөз қозғалады. Алайда негізгі тақырып сайтты монетизациялау жайында болмақ. Және осыған салалас тақырыптар, яғни СММ, контент толтыру сияқты мәселелердің де қыр-сыры ашылады.

«Бүгінде форумға қатысты барлық ақпараттар салынатын арнайы сайт дайындалып жатыр. Оның бір бөлімінде форумға тіркелу жолдары көрсетілетін болады. Әрбір адам сол сайтқа тіркеліп, форумға қатыса алады», - деп атап өтті ол.

Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер