4G желісімен Алматы мен Астана қалалары 2013 жылы қамтылады - Өркениет|20 Тамыз 2012, 16:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

4G желісімен Алматы мен Астана қалалары 2013 жылы қамтылады

Астана. 20 тамыз. BAQ.kz - 2013 жылдың басына қарай Қазақстанда 4G желісімен Алматы және Астана қалалары қамтылатын болады, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

 4G (төртінші ұрпақ) желісінің құрылысы үстіміздегі жылы басталып та кеткен.

«2013 жылдың басына қарай аталған желілер Алматы және Астана қалаларына, ал 2014 жылға қарай барлық облыс орталықтарына таралуы керек», -делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, 2015 жылы 4G желісімен халқы 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер, ал 2018 жылға қарай барлық аудан орталықтары қамтылатын болады.

Бұдан басқа, республикада 4G Long Term Evolution ұялы байланыс стандартын енгізу жөніндегі жоба да жүзеге асырылуда. Ол бойынша Алматы және Астана қалаларының аумағында 4G LTE ұялы байланысының ілкі жобасын ұйымдастыруға арналған радиожиілік спектрін қолдану іске асырылуда.

Бұл ілкі жоба қазір іске қосылған, сондай-ақ тестілеуді жүргізу үшін 5 базалық станция да орнатылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер