BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2014 жылы интернет мүлдем жойылуы мүмкін

Астана. 12 желтоқсан. Baq.kz – 2014 жылы Жер бетінен интернет ұғымы мүлдем жоғалуы мүмкін. Оның орнын ұлттық желілер басады деп күтілуде. Нәтижесінде өзге елдің сайттарына кіру мүмкіндігі мүлдем шектелмек деп хабарлады "Касперский Зертханасының" сарапшысы Александр Гостев. 

Оның айтуынша, бұған дейін Қытайда осы жүйе жүзеге асып келген. Ал, қазіргі күннің өзінде Ресей мен өзге де әлем мемлекеттері шетелдік сервистерден бас тартатын заң жобаларын қарастырып жатыр дейді маман. Интернеттен туатын қауіп-қатердің салдарынан мұндай мемлекеттердің саны алдағы уақытта күрт өсетін көрінеді.
Гостев сондай-ақ, келер жылдан бастап Bitcoin виртуалды валютасына деген қызығушылықтың артатынын мәлімдеді. Әсіресе, киберқылмыскерлер аталған ақшаның көмегіне жиі жүгінетін болады. Бүгінде 1 Bitcoin 1000 АҚШ долларына теңескендігін айта кету керек. Ал, келер жылдан бастап бұл көрсеткіш 2-3 мың долларға жетуі ғажап емес дейді сарапшы. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер