BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2013 жылы Қазақстанда некені тіркеуге әрбір төртінші өтініш онлайнмен беріледі

Астана. 30 қараша. Baq.kz - Ағымдағы жылы Қазақстанда некені тіркеуге әрбір төртінші өтініш онлайнмен берілді. Бұл туралы ТМД елдері үшін Электрбайланыс Халықаралық Одағының Өңірлік семинарында, өзінің сөз сөйлеу барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ілгерілету және маркетинг департаментінің директоры Динара Мырзабекова мәлім етті, - деп Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Москвада кеше аяқталудағы іс-шараның тақырыбы «Жаһандық ақпараттық қоғамда интеграция шарттарының бірі ретінде электрондық үкіметті дамыту» болды.

Оның «Адамдар үшін мемлекет» секциясының бірі әкімшілік-мемлекеттік қызметінің ашықтығы, айқындығы және тиімділігі деңгейін арттыруға арналған. Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі өзінің алдында атап айтқанда дәл сондай мақсаттарды қойып отыр.

Қазіргі кезеңде елде онлайн түрде лицензиялардың 100%-ы беріледі, және барлық компаниялар өз бизнесін интернет арқылы тіркейді. Бүгінгі күні жылдың басынан бастап е-үкімет порталы арқылы 19 000 заңды тұлғалар тіркелді.

Ағымдағы жылы барлық әлеуметтік-маңызды қызметтер электрондық форматқа көшіріледі. Бұл ретте оңтайландырудың және автоматтандырудың арқасында, оларды алған кезінде жыл сайын 40 миллион аса құжаттарды беру қажеттілігі жойылды.

Бүгін egov.kz порталына күн сайын 45 000 мыңға жуық пайдаланушылар кіреді, ал көрсетілетін қызметтер саны былтырғы жылмен салыстырғанда
3,5 есе артты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер