BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Журналистер этикасы Кодексі қабылданды

Астана. 30-қазан. BAQ.KZ. Бүгін Астанада Қазақстан журналистер Одағы мен Бас редакторлар клубының қатысуымен журналистер этикасы Кодексі қабылданды.  

Журналистер этикасы Кодексін қабылдау маңыздылығын Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» тақырыбымен жарияланған мақаласында ерекше атап өткен болатын.
Аталмыш Кодексте Журналистердің этикасы, өзін өзі ұстауы мен жұртпен қарым қатынасы туралы, қоғамның отандық БАҚ пен журналистерге деген сенімі мен сый-құрметі де қарастырылған. Жалпы, бұл кодекс журналистердің ішкі тәртібі мен моральдық-этикалық бағдары екені белгілі.
Жаңа Кодекс бойынша журналистер қоғамдық пікір қалыптастыра отырып, мақала арналған адамның дене кемістіктеріне назар аударуға тыйым салынатынын, отбасылық құпияларға қатысты айғақтарға сақ болуы, сондай-ақ, сол адамның жеке басына қатысты дүниелерге бас сұқпау, қоғамды дүрліктіретін емес, ұйытатын ақпараттар жариялау қарастырылған. Сондай-ақ, кәсіби парыз, әлеуметтік жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, шынайлық, ақпарат көздері мен құпиялылық, жеке өмірді құрметтеу, ар-абырой, іскерлік бедел, бәсекелестік пен ынтымақтастық, қорғау және жауапкершілік жайлы жазылған.
«Кодекс ережелерін орындау – журналистің ар-ұжданының көрсеткіші. Кодекс ережелерін орындау мен бұзуға мәжбүрлеуге жол берілмейді» делінген құжатта. Егер журналистер бұл талаптарды орындамаған жағдайда редакция ұжымдары мен журналистер қауымдастығының отырыстарында қаралады. Қазақстан журналистері одағының басшысы Сейітқазы Матаевтың айтуынша, бұрын журналистер этикасы Кодексінің заңдық күші болмаған. Ендігі ретте отандық журналистер ақпараттар мен мәліметтерді жариялау барысында аяғын аңдап басатын болады.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер