BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Журналистер арасында байқау жарияланды

 Астана. 7 маусым. BAQ.kz -   Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Баспасөз күніне орай «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқау жариялайды. 

   Ұйымдастырушылардың мақсаты, мемлекеттік тіл саясатының қазақ және орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуын қолдау.

    Шарт бойынша, байқауға тіл саясаты, мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы туралы өткір де өзекті материалдары жарияланған жекелеген журналистер төмендегідей номинациялар бойынша қатыса алады:

* «Баспасөздегі үздік журналист» - баспасөз материалдары бойынша;

* «Интернет-сайттағы үздік журналист» - сайт материалдары бойынша;

* «Үздік тележурналист» - телебағдарламалары бойынша;

* «Үздік радиожурналист» - радиобағдарламалары бойынша. 

    Қатысушылар  2011 жылғы 1 шілдеден бері қазақ және орыс тілдерінде жарияланған газет-журнал және сайт материалдарын, эфирден берілген теле-радио хабарларын өткізе алады. Жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі дипломдар мен ақшалай немесе бағалы сыйлықтар тапсырылады.Байқау Баспасөз күнінің қарсаңында қорытындыланбақ. 

    Байқауға қатысам деушілер келесі байланыс телефонына хабарласып, электронды поштаға сауал жолдай алады: 2672228; е-mail: nurkyz999@mail.ru

    Президенттің 2011жыл 20 қазандағы Жарлығына сәйкес, 28 маусымда аталып өтілетін дәстүрлі "Журналистика күні" мерекесінің атауы өзгертіліп "Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні" болып белгіленген болатын. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер