BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жұлдыздар би шашуы» Жетінші арнада

Астана.3 қазан. BAQ.kz - «Жетіншінің» эфиріне өткен сенбіде қазақстандық телевидение, эстрада және кино жұлдыздары қатысуымен өтетін аты әйгілі «Звездные танцы/Жұлдыздар би шашуы» жобасы көрермен назарына ұсынылды. Жоба қатысушылары қазақстандық кәсіби би шеберлерімен жұптасып би әлемінің қыр-сырынан сынға түспек. 

   «Жетінші арнаның» аты әйгілі «Звездные танцы/Жұлдыздар би шашуы» жобасына Баян Есентаева, Әсел Сағатова, Жамила Серкебаева және басқа да көптеген өнер жұлдыздары қатыспақшы. Әр апта сайын он екі жұп өзара сынға түсіп, әртүрлі тақырыпта, айтар болсақ: қызулы әсердегі тангодан бастап, классикалық балет қойылымдарына дейін би өнерінде шеберліктерін шыңдап, қазылар алқасының бағалауына ұсынады. Апта бойы әр жұп сыншыл қазылар алқасын тәнті ету үшін өз қойылымына дайындалады.
   Есепті шығарылымдарда қатысушылар есепті қойылымдарын көпшілік назарына ұсынады. Әр аптада қазылар бағалауының қорытындысы бойынша жобадан бір жұп шығарылып отырады, ал сыннан сүрінбей өткен қатысушылар Бал биінің патшасы мен патшайымы атағы үшін әрі қарай шеберліктерін ортаға салады.
   Жобаға қатысуға таңдалған қырық үміткер арасынан 12 жұлдыз іріктеліп алынып, жоба қатысушыларының есімдері 29 қыркүйекте жарияланған болатын. Баян Есентаева Евгений Моисеевпен, Әсел Сағатова Әли Хасанмен, Жамиля Серкебаева Константин Голицынмен, Маргарита Кравцова Ярослав Квашинмен би жұбын құрса, «Жетінші арнаның» жаңалықтар жүргізушісі Гүлназ Ауданбаева Николай Жуковпен, ал Ерлан Көкеев Наталья Меньшиковамен би сынында бақ сынасады. «Жетінші арнаның» «Қырық Миллион Теңге Шоуының» жүргізушісі Әбдел Мұхтаров Лолита Челноковамен, Қазақстан Республикасының халық батыры Досжан Табылды Вероника Поповамен жоба сынына қатыспақ. Жоғарыда аталған жұлдыздармен қатар, қазақстандық алғашқы «Жұлдыздар фабрикасы» жобасының жеңімпазы Әлішер Егімбердиев Мадина Әмірғамзаевамен жұптасып, Жанна Орынбасарова Евгений Плохихпен жұп жарастырады, ал «Жетінші арнаның» жаңалықтар жүргізушісі Арыстан Балтин Александра Бондаревамен жарасымды жұпта жоба сынына түспек. Жобаға сонымен қатар Айсұлу Әзімбаева мен Асылбек Өжекен де бишілер жұптары арасынан табылмақ.
   «Звездные танцы/Жұлдыздар би шашуы» шоуы - Endemol Strictly Dancing шоуының әлемдік форматынан бейімделген жоба. Халықаралық формат әлемнің 35 елінен астамында бейімделіп, әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды барынша топтастыра білген форматтың әр бейімделген жобасы әлем елдерінің барлығында сәтті өткен. «Танцы со звездами» шоуы көрермен назарына ұсынылған сәттен бастап бүгінге дейін әлемнің 17 елінде жылдың ең үздік теле жобалары ондығы қатарынан танылған. Жоба Ресейде 2006 жылы басталып, қазіргі уақытқа дейін жобаның 6 маусымын шығарып үлгерген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер