BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Жігіттер" квартетінің әншілері бағын сынайды

«Ән жұмбақ» бағдарламасының кезекті санында «Жігіттер» квартетінің қос серісі сынға түсті. Осыдан екі апта бұрын, «Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбекұлы досы һәм әріптесі Ердос Қанаевты ойсырата жеңген болатын. Бұл жолғы ән додасында Мырзахан Маханов Бағлан Әбдірайымовке қарсы шықпақ.

Бағланның тобында «Чемпион» бағдарламасының бокс алаңында қолғап түйістірген Ринат пен Ернар бар. Бұл екі жігітті де көпшілік жақсы таниды. Ринат - «Азия» тобының, Ернар - «Денар» тобының әншісі. Ал Мырзаханның тобында Мақсат Әндешбаев пен Абат Әуесбаев сынды достары бар. «Ән жұмбақтың» тосын сый мен қызыққа толы сахнасында боксшыларға әншілер қарсы шықты.
Ән додасында білегіне сенген жігіттер жеңеді ме, әнші жігіттер жүлдеге ие болады ма? Бұл сұрақтың жауабын 7 маусым күні, сағат 15:20-да Қазақстан Ұлттық телеарнасынан біле аламыз. Олай болса, білек пен микрофонның, тапқырлық пен қара күштің сынға түсер сәтін жіберіп алмайық.

Әйгерім ДОСЫМ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қыркүйек 2018, 21:10
GGG: Мен оралам, жігіттер!
Пікірлер