BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Zhibek Zholy. Kazakhstan» атты фото және бейнебайқау жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Елорданың туризм қауымдастығымен бірлесіп, «Zhibek Zholy. Kazakhstan» атты фото және бейнебайқау өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара 2017 жылдың қараша айында Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында өтетін «Қазақстанның Ұлы Жібек жолымен саяхат» халықаралық фестиваліне орайластырылған.

Фото және бейнебайқауға ниет білдіруші кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін байқауға қатысушы Елордалық туризм қауымдастығының www.astana-tourism.kz сайтынан байқаудың ережесімен танысып, өтінім беруі керек.

Байқау 2017 жылдың 28 қазанына дейін жалғасады.

Фотобайқауға қатысушылардың жұмысы 3 аталымға бойынша қарастырылмақ:

  1. Жібек жолының құпиясы мен аңызы;
  2. Жібек жолының дәстүрлері;
  3. Ықыласпен Саяхаттан.

Еске салсақ, 2016 жылы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Елордалық туризм қауымдастығымен бірлесіп, «Мен Қазақстанды сүйемін» атты фотобайқау өткізген еді. Оған Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам үміткер қатысып, 760 сурет жіберді. Байқау жеңімпаздарына Қазақстанның үздік санаторийлерінде демалуға 2 адамға арналған сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан–Сиань (ҚХР)–Қазақстан бағытындағы әуе билеті табыс етілген.

Ұйымдастырылып отырған байқаудың басты мақсаты - Қазақстанның Ұлы жібек жолындағы туристік әлеуетін, яғни еліміздің тарихи және мәдени мұрасын, халықтың тұрмыс-тіршілігін, көзтартарлық табиғаты пен ерекше туристік нысандарын таныту.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер