BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жетіншіде» премьера! «KZландия. Перезагрузка». Жаңа талантты кейіпкерлер!

АСТАНА. BAQ.KZ - 12 қазанда «Жетіншіде» көпшіліктің көзайымына айналған «KZландия. Перезагрузка» жобасының премьерасы көрермен назарына ұсынылды.

«KZландия. Перезаргузка» — «Жетінші арна» мен Нұртас Адамбаевтың продюсерлік орталығы бірлесе шығарып отырған екінші жоба. Өткен жылғы жобаның сәтті шығарылымынан кейін, жаңа маусымда жоба сапалығына басты мән беріліп,  жоба кейіпкерлері түбегейлі өзгертіліп одан әрі қызықты қылықты, тартымды  қырынан көрініс табады. «KZландия. Перезаргузка» —  бұл жобаның  өз алдында жаңа қырынан танылуы,  қазақстандық көрермендерге таныс және бір демнен табиғаты түсінікті жаңа кейіпкерлер. Жоба 12 шығарылымнан тұрады және «Жетінші арна» эфирінен аптасына бір рет көрермен назарына ұсынылмақ.  Әр шығарылым –  жоба көрермендеріне бұрыннан таныс  кейіпкерлерден әлдеқайда ерекшеленетін басты кейіпкерлердің қатысуымен  өтетін скетчтерден тұрады. Жобаның жаңа кейіпкерлері сапалы әзіл сүйер қауымды  бір көргеннен баурап алары сөзсіз.  «KZландия. Перезагрузка» жобасы «Келинка», «Судья провинциального суда», «Орыс-жуз», «Кудалар», «Казахи в Турции»,  «Генеральный директор» скетчтерінде ұсынылатын жаңа кейіпкерлерімен шектеліп қалмайды.
Тұрмыс құрғаннан кейін ауылға аттанған қала қызының - «Келинка»  кейіпкерінің бейне күнделігін тамашалау, өзінің де туыстарының да мәселелерін шешуде алдына жан салмайтын ауыл сотының әрекеттерін қадағалау, сонымен қатар төртінші жүз – «Орыс жүзін» анықтау және   ең аз бюджетті «Shanurak TV» отбасылық арнасын тамашалау, мұның барлығы бұрыннан баршаға таныс жаңа кейіпкерлерімен ерекшеленетін «KZландия. Перезагрузка» жобасында.
«KZландия. Перезаргузка» әр жұмада 22:30-да «Жетінші арнадан» тамашалаңыздар!
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер