BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жетінші арнада» «Шынайы өмір»

Астана. 24 қазан. BAQ.KZ – «Жетінші арна» жаңа телемаусымда өмір жайлы сыр-шертетін «Шынайы өмір» жобасын көрермен назарына ұсынады. Белгілі актер Бақытжан Әлпейісов фильмдер циклын біріктіріп, оқиғалар желісіне ортақ түйін жасайтын жоба жүргізушісі ретінде қатыспақ.  

«Жетінші арнаның» «Шынайы өмір» жобасында қарапайым адамдар тағдырын өзгерткен өмір, махаббат, жанұя құндылықтары жайындағы оқиғалар көрермен назарына ұсынылады. Ал, жобаның алғашқы оқиғасын қазақстандықтар «Жетіншінің» эфирінен 6 қазаннан бастап көре алады.
«Шынайы өмір» - «ВайТ Медиа» компаниясы тобының форматы бойынша докудрама жанрында түсірілген отандық өнім. Жоба жиырма сериядан тұрады, әр сериясы бір немесе бірнеше кейіпкер өмірінен алынған шынайы оқиғалар жайында өз кейіпкерінің басынан кешкендерінен, олардың қуаныш-қайғыларынан сыр шертеді. Хикаялар желісі көрген кісіні бей-жай қалдырмасы анық, өйткені ондағы оқиғалар қарапайым күнделікті тірліктен алынған.
Фильм кейіпкерінің камера алдында сыр шертуі жобаға өзгеше ерекшелік береді. Ал, көрерменге материалды ұсынудың бұл әдісі экран алдындағы жанды бейнеленіп отырған қымқуат оқиғаларымен өзіне баурап алатыны анық.
Әр фильм Бақытжан Әлпейісовтың қатысуымен басталады. Ол оқиғаны және оның кейіпкерлерін таныстырып, көтеріліп отырған мәселенің қиындықтары мен салдарын түсіндіреді. Оқиға желісінің кейбір тұстары жүргізушінің кадрдан тыс баяндауымен жеткізілмек. Ал, фильм соңында жүргізуші оқиғаны қорытындылай келе, түйін сөзді көрермен саралауына қалдырады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер