«Жетінші арна» жаңа маусымда «Қуырдақ шоу» жобасын көрермен назарына ұсынбақ! - Өнер|09 Тамыз 2012, 18:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жетінші арна» жаңа маусымда «Қуырдақ шоу» жобасын көрермен назарына ұсынбақ!

  Астана. 9 тамыз BAQ.kz -  «Жетінші арна» көптен күткен жаңа «Қуырдақ шоу» жобасының алғашқы шығарылымын 27 тамызда көрермен назарына ұсынбақ. Қазақ тіліндегі әзіл-сықақ жанрындағы ең мықты жоба! Комедиялық жанрдағы жаңа есімдер және жарқын таланттар! Ең тартымды әзіл-оспақ шоуы тек «Жетінші арнада»! 

  «Қуырдақ шоу» - қазақ тіліндегі әзілі жарасқан, ерекше нақыштағы әзіл-сықақ шоуы. Жаңа скетч-шоуы «Жетінші арна» көрермендерін комедиялық жанрдағы жаңа есімдермен таныстырып, жарқын таланттармен қауыштырады. Халықтық-ұлттық форматта нақышталған қарапайым өмір оқиғаларының экранизациясы бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмасы анық, ал жоба әзілі әр көрермен үшін түсінікті де тартымды болары сөзсіз.
   Жаңа скетч-шоудың айрықша ерекшелігінің бірі – шоу кең ауқымды аудиторияға негізделген қазақ тіліндегі сапалы қазақстандық өнім екендігінде. Сондықтан жаңа скетч-шоу әзілдері әртүрлі тақырыпты қамтиды: такси, күлдіргі әрі қызықты жаңалықтар, супермаркет, мейрамхана және өзге де жерлердегі көріністер. «Қуырдақ шоу» жобасының әзіл-сықақ жанрындағы қолданылып жүрген үрдістерден тағы да бір ерекшелегі – жоба аясында көпшілікке танымал түрік сериалының сюжеттік желісімен түсірілген баршаға танымал кейіпкерлерді сомдайтын айдар ең сыншыл деген көрерменді еріксіз баурап алары сөзсіз.
   Жоба түсірілімдері тек қоршаған ортада, қоғамдық орындарда түсіріледі: Астана қаласының көшелерінде, супермаркетте, клубта, университетте, мейрамханада, кинотеатрда және т.б. «Қуырдақ шоу» комедиялық жанрында жаңа талантты есімдерді ашпақ. Жалпы жобаға тұрақты 7 актер тартылған, олардың барлығы қазақстандық КВН командаларының ойыншылары.    Жоба кейіпкерлері қарапайым такси жүргізушісі рөлінде де, түрік отбасының қамқоршы анасы рөлінде де үйлесімділік тауып, әртүрлі рөлдерді тамаша сомдайды.
  Әзілі жарасқан қазақ тіліндегі «Қуырдақ шоу» әзіл-сықақ жобасы 27 тамыздан бастап әр дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 18:45-те көрермен назарына ұсынылады. Ең қызықты әзіл-оспақ тек «Жетіншінің» көрермендері үшін. «Жетіншінің» эфирін қадағалаңыз!
«Жетінші арна» жайлы:
«Жетінші арна» астаналық «Эра» телеарнасының негізінде құрылды және 2009 жылдың 9 қыркүйегінен бастап республикалық арнаға айналды. Қазіргі уақытта телеарнаның эфирлік сигналы Қазақстан халқының 86%-на қолжетімді болды. «Жетінші арна» - бүгінгі күні медиа нарықта сенімді өз орнын иеленген, айқын ұстаным мен хабар тарату стратегиясын ұстана отырып, тың жобалары мен премьералық контентті иеленген, болашағы зор жас арна.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер