BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Желтоқсан әндері» бір таспаға топтастырылмақ

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тікелей қол­дауы­мен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңда шыр­қал­ғ­ан әндер мен желтоқсанды жырлаған әндер жинағын жарыққа шығарғалы отыр.

Желтоқсан – халқымыздың тарихын­дағы бәріміз ұмытпауға тиісті ұлы құбылыс. Бүгінге дейін Желтоқсан секілді ұлы құбылыстың егжей-тегжейін түгел зерттеп, толығымен ашып көрсете алмай жүргеніміз анық. Осы ретте  «Желтоқсан әндері» жи­на­ғының құндылығы – сол құбылысқа бойлауға мүмкіндік беретіндігінде.

Азаттық, отаншылдық, ұлтты сүю секіл­ді киелі ұғымдардың сүбелі жалғасы іспетті «Желтоқсан әндерінің»  ән жинағы – қазақ халқының, азаттықсүйгіш барша адамзат баласының еркіндікке ұмтылған аңсарына деген ескерткіш секілді. Бұл әндер – 1986 жылғы желтоқсанда бұлқынған жастардың жүрек қағысы, сонау азатшыл ұлық баста­ма­ның жалғастырушысы, жанашыр жылнамашысы болмақ.

Жарық көргелі отырған «Желтоқсан ән­дерінің» дискісіне кезінде желтоқсан ала­ңында шырқалған «Менің Қазақстаным», бүгінде еліміздің әнұранына айналған Қазақстан Республикасының әнұранынан бастап, «Атамекен», «Желтоқсан  тағылы­мы», «Желтоқсан  желі», «Бостандықтың  бой­­тұ­мары  – желтоқсан», «Қара  бауыр қас­қалдақ», «Желтоқсан маршы» және «Жел­­тоқ­сан  жастары маршы» сынды жел­тоқсан көтерілісіне арналған әндерді енгізу көз­деліп отыр.

«Желтоқсан әндері» дискісі Парламент Мәжілісінің депутаты, Желтоқсан көтерілі­сіне қатысушы Нұртай Сабильяновтың алғы сөзімен жарық көрмек.

Автор: Сайрангүл ДАХАНҚЫЗЫ

Алаш айнасы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер