BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жаужүрек мың баланың» бағасы - 100 теңге

ШЫМКЕНТ. 15 маусым. BAQ.KZ - Шымкенттің көшелеріндегі жабайы сауда орындарында тұсауы енді ғана кесілген «Жаужүрек, мың бала» фильмі 100 теңгеден заңсыз сатылып жатыр, деп хабарлайды Отырар-ТВ.

Бұған әділет департаментінің зияткерлік меншік және авторлық құқық бөлімінің мамандары араласып, заңсыз сауда қатарларының көзін құртуға білек сыбана кірісті. Қалада ретсіз саудамен күрес басталды. Онкүндік барысында әсіресе, заңсыз диск сатушылар қатаң бақыланбақ. Олардың көпшілікке ұсынып отырған өнімдерінің дені заңсыз көшіріліп басылған. Саудагерлердің тайраңдап кеткені соншалықты, тіпті заңда бұған арнайы бап бар екендігіне пысқырмайды да. Салдарынан авторлық құқық тапталуда. Облыстық әділет департаментінің зияткерлік меншік бөлімі аудандық әкімдіктермен бірлесіп рейд жұмыстарын жүргізуге кірісті.

Бүгінде шоу бизнесті дөңгелетіп жүргендер аудио, бейне таспалар арқылы табыс табу мүмкін еместігін әлдеқашан мойындап қойған. Таспа шығысымен-ақ оның көшірмелері қаптап кетеді. Авторлық құқық туралы заңның аяққа тапталғанының бір көрінісі осы.

Салтанат Нұрымбетова, облыстық әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бастығы:«Қазір, танымал болып жатқан «Жаужүрек мың бала», «Қара киімділер» атты жаңа туындылар үлкен экранға шықпай жатып, контрафактілі өнімдердің арасында тым арзан бағаға сатылуда. Яғни, құқық иелерінің құқығы өрескел бұзылуда.»

Алдағы он күнге жоспарланып отырған рейд барысында ретсіз сауда орындарының жолын кесеміз дейді әкімдік өкілдері.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер