BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Жаужүрек мың баланы" телеарнадан көрсетеді

АСТАНА. 25 маусым. BAQ.KZ - Отандық кино туындыларының ішінде қалың жұртшылықтың ықыласына бөленген Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты тарихи драмасы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетілмекші. Атап айтқанда, телеарна тарихи драманы 5 шілде күні, түнгі сағат 22.05-те ұсынады.

Бұл - "Жаужүрек мың баланың" телеарнадан тұңғыш рет көрсетілуі. Ұлттық арна Астана күніне орай көрермендерге осындай сый жасамақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Жау жүрек мың бала» фильмі еліміздің кинотеатрларына прокатқа биылғы жылдың мамыр айының 3-де шықты. Жаңа туынды екі апта көрсетілім ішінде 2 миллион доллар жинап, отандық кинотуындылар ішінде кассалық кірістен рекорд орнатты. 17 мамырда бұл фильм Францияда өткен 65-ші Канн кинофестивалінде шетелдік мамандардың назарына ұсынылып, жоғары бағаға ие болды.
 


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер