BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жаужүрек мың бала» фильмінің DVD нұсқасы шықты

АЛМАТЫ. 13 шілде. «Жаужүрек мың бала» фильмінің  DVD дискіге жазылған нұсқасы жарық көрді. Дискінің таныстырылымы бүгін Алматыда өтті.

«Қазақфильм» АҚ түсірген, режиссер Ақан Сатаевтың тарихи-шытырман оқиғалы «Жаужүрек мың бала» фильмі DVD дискіде жарық көргеніне біз де қуанып жатырмыз. Өйткені еліміздің көптеген ауылдық аймақтарында әлі кинотеатр жоқ. Ондағы тұрғындар бұл фильмді үлкен экраннан тамашалай алмайды. Астана күнінде оның телевизиялық нұсқасы «Қазақстан» және «Хабар» телеарналары арқылы көрсетілген болатын. Енді DVD нұсқасы да көрерменге жол тартып отыр», - дейді фильмде  бас кейіпкер Сартайды сомдаған  Асылхан Төлепов.

DVD дискілер Қазақстан аумағындағы «Меломан» дүкендеріне сатылымға түсті, бағасы - 1300 теңге.  Олар қазақ және орыс тілдерінде бір мың данамен шығарылды.

3 мамырдан бастап кинотеатрларда көрсетілген «Жаужүрек мың бала» алғашқы екі аптада 2 миллион доллар қаржы жинаған тұңғыш отандық фильм. 17 мамырда Канн кинофестивалінде көрсетілген бұл туындыны әлемдік прокатқа шығару мақсатында Канаданың «108 Media» компаниясы сатып алған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер